"Оқжетпес" республикалық жастар лагерiнің қаржы-шаруашылық қызметiн дамыту, жастарды, жасөспірiмдер мен балаларды сауықтыру iсiн ұйымдастырудың менеджментi мен сапалық деңгейiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Оқжетпес" республикалық жастар лагері оның жарғылық қорына мемлекет 100 процент қатысатын "Оқжетпес" республикалық жастар лагерi" коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - "Оқжетпес" РЖЛ" ААҚ) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. "Оқжетпес" РЖЛ" ААҚ-ның негізгi қызметi жастардың қоғамдық маңызы зор бастамаларын қолдау мен дамыту, балалардың кешендi демалысын қамтамасыз ету, балалармен, жасөспiрiмдер және жастармен жұмыстың сауықтыру, ғылыми-педагогикалық бағдарламаларын iске асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру жөнiндегi комитетi:
1) "Оқжетпес" РЖЛ" ААҚ-ның жарғысын бекiтсiн;
2) "Оқжетпес" РЖЛ" ААҚ-ның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда
белгiленген тәртiппен "Оқжетпес" РЖЛ" ААҚ акцияларының мемлекеттiк
пакеттерiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.