Сапар Байжановтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 тамыз N 1122

      Белгiлi журналист, жазушы және қоғам қайраткерi, "Социалистiк Қазақстан" газетiнiң бұрынғы редакторы Сапар Байжановтың есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Алматы қаласының әкiмi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) Алматы қаласының Мұқан Төлебаев көшесiндегi Сапар Байжанов тұрған 53 үйдiң қабырғасына ескерткiш тақта орнатсын;
      2) Алматы қаласы көшелерiнiң бiрiне және Алматы қаласының N 162 қазақ орта мектебiне Сапар Байжановтың есiмiн берсiн.
      2. Алматы облысының әкiмi заңдарда белгіленген тәртiппен Алматы қаласының "Кеңсай" зиратындағы Сапар Байжановтың қабiрiнiң басына құлпытас орнатсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Сапар Байжановтың "Ала көбеде менi оят" романын бастырып шығаруды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде "Сапар Байжанов дәрiстерi" - "Байжановские чтения" тақырыбымен студенттердiң жыл сайынғы ғылыми конференцияларын ұйымдастыратын болсын.
      5. Сапар Байжановтың есiмiн мәңгi есте қалдыру шараларын

 

қаржыландыруды 1999 жылға арналған бюджетте көзделген қаражаттың

есебiнен және соның шегiнде тиiстi мемлекеттік мекемелер - бағдарлама

әкiмгерлерi жүзеге асырсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады