Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарында дәндi дақылдарды жинауды уақытында және сапалы қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң 1999 жылғы егiннiң дәндi дақылдарын жинауды жүргiзу үшiн Ресей Федерациясынан жалға алу шартында астық жинайтын комбайндарды тарту туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Ресей Федерациясының жалға берушiлерiмен астық жинайтын комбайндарын жалға алу жөнiнде өзара қабылданымды шарттарда келiсiм жасассын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық және Кеден комитеттерi заңдарда белгiленген тәртiппен:
дәндi дақылдарды жинау жүргiзiлетiн кезеңде Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының аумақтарына Ресей Федерациясынан астық жинайтын комбайндарды уақытша әкелуге рұқсат берсiн;
Ресей Федерациясының жалға берушiлерiне дәндi дақылдарды жинау
жөнiндегi қызмет көрсетулерi үшiн өзара есеп айырысу есебiне іс жүзінде
орындалған жұмыс көлемiне алынған астықты әкетуге рұқсат берсiн.
4. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Ақмола, Қостанай және Солтүстiк
Қазақстан облыстарының әкiмдерiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М
Омарбекова А.Т.