"Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудің және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Былай деп белгiленсiн:
1) жоғарыда көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудің және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес 1-санатқа жатқызылған мемлекеттің 100 проценттiк қатысуымен акционерлiк қоғамдар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн дамудың орта мерзiмдiк индикативтiк жоспарларына сәйкес акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер есептеудi жүзеге асырады және тәуелсiз аудиторлық ұйым (аудитор) аудит жүргiзiлгеннен кейiн оларды республикалық бюджетке аударады;
2) Бағдарламаға сәйкес 2-санатқа жатқызылған мемлекеттің қатысуымен акционерлiк қоғамдар заңдарда белгiленген тәртiппен акционерлердің жалпы жиналысының не қоғамның директорлар кеңесiнiң шешiмiне сәйкес акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердi аударуды жүзеге асырады.
2. Акциялардың мемлекеттiк пакетi мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыратын министрлiктер заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың дивидендтердi есептеуiнiң және аударуының уақытылығы мен толықтығы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағының
2) тармақшасында көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың дивидендтердi есептеу мен аударуының уақытылығы үшiн қажеттi шаралар қабылдауы;
2) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлмеген мемлекеттiк қатысу үлесiмен акционерлiк қоғамдар акционерлерiнiң жалпы жиналысы мен мемлекеттiң қатысу үлесiмен шаруашылық серiктестіктерi қатысушыларының жалпы жиналысын өткiзу кезiнде таза кiрiстен кемiнде 50 проценттi дивидендтер мен қатысу үлесiне кiрiске бағыттауды және олардың уақытылы аударылуы үшiн барлық қажеттi шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
3. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен .
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі