Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломаттық және қызметтік паспорттарды иемденуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1163

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынған, Үндістан тарапымен алдын ала пысықталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломаттық және қызметтік паспорттарды иемденуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Үндістан

 

тарапымен келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткенде,

Келісімнің жобасына принциптік сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар

енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан аталған келісімге

қол қойсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Үндістан Республикасы

    Yкiметiнің арасындағы дипломаттық және қызметтiк паспорттарды

     иемденушi азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiм


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi

мен Yндiстан Республикасының Yкiметi,


 
       екi мемлекеттiң арасындағы өзара достық қатынастарды одан әрi нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                              1-бап
 
      1. Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары келген сәтiнен бастап 30 (отыз) күнге дейiнгi мерзімінен визасыз екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келедi, кетедi, транзитпен өтедi және уақытша бола алады. Осы Ереже бiр дүркiндiк сапар үшiн ғана жарамды. Ерекше жағдайларда азаматы мүдделi Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдығының жазбаша өтiнiшi бойынша екiншi Тарап сұрау салынған визаны беруi тиiс.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын кезiнде осы Тарап мемлекетiнiң қолданылып жүрген заңдарын, оның iшiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн белгіленген тiркелу, болу және жүрiп-тұру ережелерiн сақтауға мiндеттi.
 
                             2-бап
 
      1. Екiншi Тараптың аумағында орналасқан кез келген Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдығының мүшелерiне, егер олар осы Тараптың азаматтары болып табылатын болса және жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттардың иемденушiлерi болған жағдайда, мүдделi дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдықтың жазбаша өтiнiшi бойынша оның iссапары мерзiмiне жарамды тұрақты тұруына арналған виза берiледi.
      2. Екiншi Тараптың аумағында орналасқан халықаралық ұйымдарда өз елiнiң өкiлдерi болып табылатын және дипломатиялық әрi қызметтiк паспорттарды иемденуші Тараптардың бiрiнiң азаматтары осы Баптың 1-тармағында айтылатын құқықтарды пайдаланатын болады.
      3. Осы Баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ережелер, егер олар дипломатиялық әрi қызметтiк паспорттарды иемденушiлер болса немесе балаларының аты-жөнi әкесiнiң немесе анасының паспортына жазылған жағдайда, дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мүшесiнiң зайыбына және олардың балаларына қатысты да қолданылады.
 
                                3-бап
 
      1. Тараптардың әрқайсысының өз шешiмiн дәлелдеп жатпастан екiншi Тарап мемлекетi азаматының келуiне рұқсат беруден бас тартуға немесе оның осы мемлекеттiң аумағында болу мерзiмiн қысқартуға құқығы бар.
      2. Тараптардың әрқайсысының ерекше жағдайларда ұлттық қауіпсiздiктің, қоғамдық тәртiптiң және денсаулық сақтаудың мүдделерiн көздеп осы Келiсiмнiң қолданысын толық немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.
      3. Тарап мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, әрi кеткенде 24 сағат iшiнде осындай шаралардың қабылданғандығы және тиiсiнше олардың күшi жойылғандығы туралы екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
 
                            4-бап
 
      Тараптар мемлекеттерiнiң Сыртқы iстер министрлiктерi осы Келiсiм жасалған сәттен бастап әрi кеткенде отыз күн iшiнде дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiмен қолданылып жүрген дипломаттық және қызметтiк паспорттардың үлгілерін, сондай-ақ кез келген жаңа паспорттарды енгiзуге дейiн кем дегенде отыз күн бұрын олардың үлгiлерiн алмасады және оларды қолданудың тәртiбi туралы хабарлайды.
 
                             5-бап
 
      1. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнің дипломаттық немесе қызметтiк паспорттарын иемденушi азаматтары екiншi Тарап мемлекетi аумағында паспорттарын жоғалтқан немесе бүлдiрген жағдайда бұл туралы өздерi жүрген мемлекеттiң құзыреттi органдарына хабарлауға тиiс, ал құзыреттi органдар өз кезегiнде мұндай азаматтарға паспорттарын жоғалтқаны туралы тiркеудi растайтын құжат беруі тиiс.
      2. Осы адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң дипломатиялық

 

немесе консулдық өкiлдiгі оған жоғалтқан құжатының орнына паспорт немесе

оның жеке басын куәландыратын кез келген құжат бередi.


                           6-бап


     Осы Келiсiмдi iске асыру барысында пiкiр алшақтығы туындаған

жағдайда Тараптар оларды дипломатиялық арналар бойынша келiссөздер

және консультациялар арқылы шешедi.


                           7-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамамен ресiмделедi.
 
                            8-бап
 
      1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк

 

рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама

алынған күннен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм оның қолданысын

тоқтату ниетi туралы Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа жазбаша нысанда

хабарлағанға дейiн күшiнде болады.


     ________________ қаласында бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы

жылғы "___"_________ әрқайсысы қазақ, хинди, ағылшын және орыс

тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi

бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаса

Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.


   Қазақстан Республикасының    Үндістан Республикасының

        Үкіметі үшін               Үкіметі үшін



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады