Әкелінетін шетел валютасына төленетін кеден төлемдерінің ставкалары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1164. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.23. N 693 қаулысымен. ~P010693

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952368_ сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Әкелiнетiн шетел валютасының бастапқы құнының 1 процентi мөлшерiнде оған қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бекiтiлетiн заңды тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын әкелуiне (ТМД СЭҚ ТН бойынша коды 4907 00 300, айналыстағы - 7118 90 000-ден) кеден бажының ставкасы белгіленсiн.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген, әкелiнетiн валюталарды кедендiк ресiмдегенi үшiн оның бастапқы құнының 0 процентi мөлшерiнде кеден алымының ставкасы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен осы қаулының атқарылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесе 
отырып екi апта мерзiмде:
     жеке тұлғалар әкелетiн;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы 
белгiленбейтiн қолма-қол шетел валютасына қатысты кеден бажы мен 
кедендiк рәсiмдегенi үшiн кеден алымын алу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     5. Осы қаулы 1999 жылғы 3 тамыздан бастап күшiне енетiн осы 
қаулының 2-тармағын қоспағанда, ресми жарияланғаннан кейiн отыз күн 
өткен соң күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М 
    Омарбекова А.Т.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады