Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасын қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1167

      Бірінші кезектегі объектілер бойынша мемлекеттік жобалардың уақытында аяқталуын қамтамасыз ету және несиелік берешекті өтеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "Ахсель" түрік фирмасы Астана қаласында салып жатқан "718 пәтерлі тұрғын үй кешені" объектісінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстары үшін несиелік берешекке төлем жасауға 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мұқтаждықтар үшін

 

көзделген қаражаттың есебінен теңге баламында 5 (бес) миллион АҚШ долларын

бөлсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты жұмсалу үшін бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады