Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Ескерту. Атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570 қаулысымен .
"Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.07. N 432 қаулысымен .
2. күші жойылды
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен .
3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртiбiн айқындасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. N 17, 152-құжат):
6-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
1 және 2-тармақтардағы "министрлiктерге" деген сөзден кейiн "және өзге де мемлекеттiк органдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбы "өзге де мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.07. N 432 қаулысымен .
5. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 17 тамыздағы
N 1175 қаулысына
қосымша
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк
қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
Манақбай Толымбек - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
акционерлік қоғамы Басқармасының
төрағасы, төраға (келісім бойынша)
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович және сауда бiрiншi вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдiбекұлы монополияларды реттеу агенттiгі
төрағасының бiрiнші орынбасары
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық банкi Төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Батырхан Арысбекұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Кадюков - Қазақстан Республикасының
Николай Викторович Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
комитетi төрағасының орынбасары
Имашев Берiк Мәжитұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
акционерлiк қоғамы Басқармасының
төрағасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.08.17. N 914 , 2003.05.07. N 432 , өзгерту енгізілді - 2003.11.29. N 1217 , 2004.05.21. N 570 , 2004.07.26. N 791 , 2005.03.19. N 250 , 2005.05.03. N 417 , 2005.09.29. N 967 , 2005.10.20. N 1050 , 2005.11.01. N 1090 қаулыларымен.