Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының Байқаушы кеңесiн қосымшаға сәйкес құрамда бекiту жөнiнде шаралар қолдансын.
2. Мыналардың күшi жойылған деп саналсын:
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665
қаулысының 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж.,
N 17, 152-құжат);
"Ауыл шаруашылығы секторы үшiн Азия даму Банкiнiң Бағдарламалық
Займын жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 тамыздағы N 1258
қаулысының 4-тармағының он үшiншi - он бесiншi абзацтары.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 28 қаңтардағы
N 44 қаулысына
қосымша
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық
акционерлiк қоғамы Байқаушы кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Сәрсембаев Н.А. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары, төраға
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң бiрiншi
вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Мұхамеджанов Б.Ғ. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң кеңесшiсi, төрағаның
орынбасары
Сәйденов А.Г. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Әзiмов Р. - Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгiнiң
бiрiншi вице-министрi
Әбенов Д.Б. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалау жөнiндегi агенттiгi
Әлеуметтiк - экономикалық
саладағы реформалар департаментi
директорының орынбасары
Үмбетов А.С. - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
жабық акционерлiк қоғамы
басқармасының төрағасы