"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1185

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметтiк ғимараттарын пайдалану мен шаруашылық қызмет көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыру - Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Уәкiлеттi орган заңдарда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн;
      2) Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      3) Кәсiпорынның әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013  № 796қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады