"Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының әуевокзалы өртенуіне байланысты жекелеген мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1193

      Yкiметтiк комиссияның тұжырымдарын ескере отырып және әуевокзалының ғимаратын қалпына келтiру және оны одан әрi пайдалану мүмкiндiгі туралы мәселенi шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Алматы халықаралық әуежайы" ААҚ-ның әуевокзалы өртенуiн тексеру жөнiндегі үкiметтiк комиссияның 1999 жылғы 24 шiлдедегi қорытындысы назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгі, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Алматы қаласының әкiмi "Алматы халықаралық әуежайы" ААҚ әуевокзалын қалпына келтiру және оны одан әрi пайдалану жөнiндегі шараларды айқындау мақсатында кешендi құрылыс-техникалық және қаржы-экономикалық сараптама жүргізу үшiн ведомствоаралық комиссия құрсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      бұрын қол қойылған сенiмгерлiк басқаруға арналған барлық келiсiмшарттарды басқаруға және оны сақтауға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі мiндеттемелердiң болған-болмағанын айқындау жайында тексеру жүргізсiн. Сенiмгер басқарушылардың мұндай мiндеттемелерi болмағаны анықталған жағдайда, осындай мiндеттемелердi қоса отырып олармен келiсiмшарт жасалуын қамтамасыз етсiн;
      мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, осы мүлiктiң сақталуы

 

және оны сақтандыру жөнiндегі мiндеттеменi көздей отырып, басқарушы

тараппен мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттардың

жасалуын қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік,

коммуникациялар және туризм министрлiгiне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады