Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне субвенция бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 тамыз N 1201

      Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне түсімдердің төмен деңгейіне байланысты, аймақтағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға орай және оның тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

 

     1999 жылдың тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне

республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен 500 (бес жүз) миллион

теңге мөлшерінде субвенция бөлсін;

     үстіміздегі жылдың аяғына дейін заңдарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан

облысының бюджетіне субвенция бөлу бойынша түпкілікті есеп айырысу жүргізсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады