Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 тамыз N 1206

      "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Z960029_ Заңын іске асыру және көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі автокөлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін белгілеу жөніндегі уәкілеттік берілген орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігімен келісім

бойынша белгіленген тәртіппен Автокөлік құралдарына мемлекеттік техникалық

байқау жүргізудің тәртібін бекітсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады