"Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамының "Баргаль Экономик Энтерпрайсиз Лтд." және "Сканбург АБ" фирмаларымен келісімшарттық міндеттемелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 тамыз N 1208

      "Yлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясы ("Yлбi металлургия зауыты"№ ашық акционерлiк қоғамы) мен "Баргаль Экономик Энтерпрайсиз Лтд." (Израиль) фирмасы арасындағы 1994 жылғы 3 қазандағы н/ж несиелiк келiсiм бойынша 179 999,5 кг танталды Бельгияға, сондай-ақ "Yлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Сканбург АБ" фирмасы (Швеция) арасындағы кепiлге несие беру туралы 1995 жылғы 24 қарашадағы N ҚР/95-1156 келiсiмшарт бойынша 25 600,6 кг бериллий металының құймаларын Швецияға уақытша шығару мерзiмдерiнің аяқталуына байланысты, бұрын әкетiлген металдың Қазақстанға қайтарылуының экономикалық жағынан пайдасыз екенiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Yлбi металлургия зауыты" ашық акционерлiк қоғамына белгiленген тәртiппен өзi мен "Баргаль Экономик Энтерпрайсиз Лтд." фирмасының арасында қол қойылған танталдың көрсетiлген мөлшерiн сатуға арналған 1998 жылғы 8 қыркүйектегi н/ж келiсiмге сәйкес, сондай-ақ көрсетiлген бериллий металын сатуға арналған "Сканбург АБ" фирмасымен 1998 жылы 18 тамызда жасалған N 30054230/Г-512 келiсiмшартқа сәйкес бұрын Қазақстан Республикасынан тысқары әкетiлген 179 999,5 кг тантал мен 25 600,6 кг бериллий металл құймаларын сатуға рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорт режимiне арналған уақытша әкетудiң кедендiк режимiн ресiмдесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлiгi (мәміленiң сипаты - 80) Қазақстан Республикасы Ғылым

және жоғары бiлiм министрлiгiнiң Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiмен

алдын ала келiскен соң жоғарыда аталған өнiмдердiң экспортына лицензия

берсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады