Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 тамыз N 1214

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері Бас штабының қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астанаға қоныс аударған орталық атқарушы органдардың қызметкерлері үшін қолданылып жүрген заңдарда көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтем төлемдері Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстыру тәртібімен көшіп келген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне

 

қолданылады деп белгіленсін.

     2. Көрсетілген төлемдер ағымдағы ұстауға арналған шығыстарды қысқарту

есебінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басқару аппаратын

ұстауға 1999 жылға арналған шығыстардың шегінде жүзеге асырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады