"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 тамыз N 1220

      Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының бiрегей табиғат кешенiнiң және энеолит дәуiрiнiң археологиялық ескерткiштерiн (ботай қонысы) сақтау мен қалпына келтiру мақсатында, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы "Айыртау орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны "Көкшетау" ұлттық табиғат паркi" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - Мекеме) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мекемеге Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы "Бұрлық орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жер пайдалануынан қосымша тұрақты жер пайдалануға көлемi 944 гектар жер учаскесi берiлсiн.
      Берiлген жерлер ерекше қорғалатын аумақ жерлерi санатына, ал орманды жерлер қорғалу санатына - мемлекеттiк ұлттық табиғат паркінің ормандары және ғылыми мәнi бар ормандарға жатқызылсын.
      3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Мекеменiң шекаралық өзгерiсiн ескере отырып оның күзетiлетiн аймағын айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мекеменiң жерiн функционалдық аймақталуын жүргiзудi ұйымдастырсын.
      5. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне орман, балық, аңшылық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстауға көзделген қаржының есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      6. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013  № 796қаулысымен.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады