Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің қызметі туралы мәселеге

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 тамыз N 1231

      Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайлар туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылғы республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждықтарға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 150 (жүз елу) мың АҚШ долларын бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 150 (жүз елу)

 

мың АҚШ доллары сомасына Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі

Елшілігі үшін негізгі жабдықтарды сатып алуды қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады