Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 тамыз N 1240. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  61-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және 70-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің келісімімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, ауыр шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің және тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі бекітілсін";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің келісімімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің және тауарлардың тізбесінде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі";
     реттік нөмірі 1, 8, 9, 12, 27-29, 35, 36, 38-45, 47, 50, 66, 68-72, 76-91, 97, 99, 100, 102, 109, 122, 131, 143, 168, 171, 226-228, 231-235, 245-247, 249-251, 253, 260, 264-жолдар алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 15-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Фармацевтикалық өнімдердің өндірісінде пайдалануға жататындарды қоспағанда, пектинді заттар, пектинаттар және пектаттар*";
     3-бағандағы "1302 20" деген сандардан кейін "-дан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 16-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Фармацевтикалық өнімдердің өндірісінде пайдалануға жататындарды қоспағанда, ағар-ағар*";
     3-бағандағы "1302 31 000" деген сандардан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 30-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Медицинада қолдануға жататындарды қоспағанда, сүт және лимон қышқылы*";
     3-бағандағы "2918 14 000" деген сандардан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 34-жолдағы 2-баған "Медицинада немесе фармацевтикалық өнімдерді өндіруге пайдалануға жататындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 37-жолда:
     2-баған "Медицинада пайдалануға жататындарды қоспағанда,*" деген сөздермен толықтырылсын;
     3-бағандағы "2938" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен
толықтырылсын;
     реттік нөмірі 52-жолда:
     2-бағандағы "бөлшектеп сату үшін оралған" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-бағандағы "3212" деген сан "3212 10 - 3212 90 390" деген сандармен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 52-жолдағы 2-бағандағы "өндірістік шикізат ретінде" деген сөздер "тамақ өнеркәсібі немесе сусындар өндірісі үшін" деген сандармен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 95-жолдағы 3-бағандағы "7304-тен, 7305-тен, 7306-дан" деген сандар "7304 21 000 - 7304 29 190, 7305 20, 7306 20 000" деген сандармен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 96-жолдағы 3-бағандағы "7304-тен, 7305-тен, 7306-дан" деген сандар "7304 10, 7305 11 000 - 7305 19 000, 7306 10" деген сандармен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 106-жолда:
     2-баған "Ауыл шаруашылығы машиналарында, тракторларда, ұшу аппараттарында, электр генераторларда, компрессорларда пайдаланылуға жататын*" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағандағы "8407" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 107-жолда:
      2-баған "Ауыл шаруашылығы машиналарында, локомотивтерде, тракторларда, кемелерде, электр станцияларында пайдалануға жататын*" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағандағы "8408" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 110-жолда:
      2-баған "немесе" деген сөзден кейін "май құю станцияларында және гараждарда пайдалануға арналғандарды, көлік құралдарына арналғандарды қоспағанда,*" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағандағы "8413" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 118-жолдағы 2-баған "Кабинеттерде, үйлерде, автомобильдерде орнатуға жататындардан басқа,*" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 127-жолдағы 3-бағандағы "8419" деген сан "8419 11 000, 8419 19 000, 8419 31 100 - 8419 81 100, 8419 89 - 8419 90 950" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 129-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталықтан тепкіш кептіргіштерді қоса алғанда, центрифугалар (медициналық немесе фармацевтикалық мақсаттар үшін лабораторияларда пайдаланылатын үлгілерді қоспағанда); медициналық немесе фармацевтикалық мақсаттар үшін пайдалануға жататындарды қоспағанда, сұйықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазалауға арналған агрегаттар*";
      3-бағандағы "8421" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 130-жолда:
      2-баған "Ыдыс жуатын машиналар" деген сөздерден кейін "(тұрмыстықтан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағандағы "8422" деген сан "8422 11 000 - 8422 90 900" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 136-жолда:
      2-бағанда "автомобильдерге" арналған жылжымалыларды қоспағанда*" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағандағы "8425" деген саннан кейін "-тен" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 137-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеменің деррик-крандары; кабель-крандарды қоса алғанда, әртүрлі үлгідегі көтергіш крандар; жылжымалы көтергіш фермалар, портальды жүк тиегіштер және 5-тен 20 тоннаға дейін жүк көтеретін электрлі көпір крандарын, 5-тен 20 тоннаға дейін жүк көтеретін электрлі тағанды крандарды, КамАЗ жүк автомобильдерінің базасындағы 10-нан 25 тоннаға дейін жүк көтеретін көтергіш крандарды қоспағанда, көтергіш кранмен жарақтандырылған автомобиль-шеберханалар*";
     3-бағандағы "8426" деген саннан кейін "-дан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 140-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бұрылатын күрегі бар өздігінен жүретін бульдозерлер, автогрейдерлер мен жол жоспарлаушылар, скреперлер, механикалық күректер, бір шөмішті тиегіштер, нығыздаушы машиналар, жол таптаушылар*";
     3-бағандағы "8429" деген саннан кейін "-дан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 141-жолда:
     2-бағандағы "жоспарлауға, араластыруға," деген сөздер алынып тасталсын;
     3-бағандағы "8430" деген саннан кейін "-дан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 143-жолда:
     2-бағандағы "бұрылмайтын және" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-бағандағы "8431 42 000" деген сандардан кейін "-нан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 145-жолда:
     2-бағандағы "немесе бастыруға", "шөп шалғылары мен" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-бағандағы "8433" деген саннан кейін "тен" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 163-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Кір сығатын құрылғымен жарақтандырылған машиналарды қоса алғанда, кір жуатын орындарға арналған кір жуатын машиналар*";
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 185-1 жолмен толықтырылсын:
     "185-1. Периферийлік қондырғы      8471 80 100";
     реттік нөмірі 187-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Басқа да кеңсе жабдықтары";№
     реттік нөмірі 195, 196, 198, 199-жолдарда:
     2-баған "Темір жол көлігінің жылжымалы және тарту құрамында пайдаланатындарды қоспағанда,*" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-бағандағы "8482 20 000", "8482 30 000", "8482 50 000", "8482 80 000" деген сандардан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 215-жолдағы 2-бағандағы "диэлектрлік" деген сөз "басқа да диэлектрлік жылыту жабдықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 216-жолдағы 2-бағандағы "металл карбиттерді" деген сөздер "металл керамикаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 217-жолда:
     2-бағандағы "Сымсыз трубкалы телефон аппаратын қоса," "телефон және", "; бейнефондар" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-бағандағы "8517" деген сан "8517 21 000 - 8517 90" деген сандармен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 220-1-жолмен толықтырылсын:
     "220-1. Микропроцессорлық
             пластикалық кәртішкелер           8542 12 000-ден";

     реттік нөмірі 227-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жанындағы жүргізуші басқаратын қуаты 4кВт артық емес, сондай-ақ шынжыр табанды тракторларды қоспағанда, тракторлар (тауар айқындамасы 8709 тракторлардан басқа)";
     3-бағандағы "8701" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 230-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "8705 тауар позициясындағы автомобильдерге арналған двигатель орнатылған шассилер*";
     3-бағандағы "8706" деген саннан кейін "-дан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 239-жолда:
     2-бағандағы "Медицинада пайдалануға жататындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
     3-бағандағы "9011" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 248-жолда:
     2-баған "Медицинада пайдалануға жатпайтын*" деген сөздермен толықтырылсын;
     3-бағандағы "9020 00" деген сандардан кейін "-ден" деген
жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 252-жолдағы 2-бағандағы "соның ішінде медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық," деген сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 254-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе мал дәрігерлік пайдалану үшін арналмаған, альфа-, бета- немесе гамма-сәулеленуге пайдалануға негізделген басқа да аппаратура*";
      3-бағандағы "9022 29 00" деген сандардан кейін "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 255-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көрсетілген мақсаттарға пайдаланылатын аппаратураға бөліктер мен жабдықтарды қоса алғанда, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе мал дәрігерлік пайдалануға арналғандарды қоспағанда, басқа да аппаратура";
      3-бағандағы "9022 90" деген сандардан кейін "-нан" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 257-жолда:
     2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жазатын құрылғысы бар немесе жазатын құрылғысыз ареометрлер мен сұйыққа батырған кезде жұмыс істейтін осындай аспаптар, термометрлер (ауруханалықты немесе мал дәрігерлікті қоспағанда), пирометрлер, барометрлер, гигрометрлер және психометрлер, осы аспаптардың кез келген комбинациялары*";
     3-бағандағы "9025" деген саннан кейін "-тен" деген жалғаумен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 259-жолда:
     2-бағанда:
     "аспаптар" деген сөз "Медицинада пайдалануға арналмаған аспаптар:" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "микротомалар" деген сөзден кейін "*" деген белгімен толықтырылсын;
     3-бағандағы "9027" деген саннан кейін "-ден" деген жалғаумен
толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады