"Индербор" акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 тамыз N 1260

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына сәйкес, оның экономика үшiн маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып "Индербор" ашық акционерлiк қоғамның өндiрiстiк қызметiн қайта бастаудың қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Индербор" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) конкурстық массасын сатудың:
      1) конкурстық массаны бiрнеше лоттарға бөлудi;
      2) негiзгi лотты кредиторлар комитетi ұсыныстарының негiзiнде Қоғамның өндiрiстiк қызметiн жаңартудың қажеттiлiгiн ескере отырып бiртұтас кешен ретiнде, бораттық руда қоймаларындағы запастарды қоса есептегенде, әлеуеттi инвестор үшiн мүдденi бiлдiретiн жекелеген активтерден қалыптастыруды (бұдан әрi - Негiзгi лот);
      3) Негiзгi лоттың бастапқы бағасын әкiмшiлiк шығыстар мен бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторлар талабының сомасынан төмен емес белгілеудi;
      4) Негiзгi лотты сатып алу-сату шартына сатып алушының осы қаулыға сәйкес қосымша талаптарды орындауы жөнiндегi мiндеттемелерiн енгiзудi көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
      2. Негiзгi лотты сатып алушыға мынадай қосымша талаптар көзделсiн:
      1) сатып алушыда Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен келiсуге жататын, гипс пен гипстi картон плиталарын шығару жөнiндегi зауыттың құрылысына арналған алдын ала жобаны көздейтiн Негiзгi лотты пайдалану жөнiндегi инвестициялық бағдарламаның болуы;
      2) сатып алушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген зауыттың құрылысын салу және оның қызметiнiң бейiнiн кемiнде 10 жыл бойы сақтау жөнiнде мiндеттеме қабылдауы;
      3) сатып алушының Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiлген жылдар кестесi бойынша алғашқы бес жыл үшiн кемiнде 5000000 (бес миллион) АҚШ доллары мөлшерiнде инвестициялар салу жөнiнде мiндеттеме қабылдауы;
      4) сатып алушының Негізгi лотты сатып алған сәтте қоймаларда болған бораттық руданың толық көлемiн оны иелiктен шығару мүмкiндiгі кезiнде тек гипс пен гипстi картон плиталарын шығару жөнiндегi зауыттың құрылысының жанында сақтау жөнiнде мiндеттеме қабылдауы;
      5) сатып алушының Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiлген жағдайларды қоспағанда сатып алу күнiнен бастап бес жылдың iшiнде Негiзгi лотқа (толық көлемiнде де, жекелеген бөлiктерiмен де) кiретiн мүлiктi қайта сату құқығынан бас тартуы;
      6) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органмен келiсiм бойынша төртiншi кезектегi кредитордың талаптарын өтеу жөнiнде мiндеттеме қабылдауы.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

 

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне жүктелсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Негізгi лотты сатып алушының

сатып алу-сату шарты бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауын бақылауды

жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады