Арқалық қаласын жылу маусымына дайындау жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 қыркүйек N 1284

      Арқалық қаласын 1999-2000 жылдардың жылу маусымына дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Қостанай облысының әкiмiне Арқалық қаласын 1999-2000 жылдардың жылу маусымына дайындауды қамтамасыз ету үшiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражат есебiнен 100 (жүз) миллион теңге бөлсiн.
      2. Қостанай облысының әкiмi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қаражатты Арқалық қаласының "Арқалық ЖЭО" (бұдан әрi - Кәсiпорын) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының алдында қарыздары бар бюджеттiк ұйымдарына олардың кәсiпорын алдындағы берешегін өтеуi үшiн бөлудi;
      2) Кәсiпорынның осы қаулыға сәйкес алатын қаражатын "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына Кәсiпорынның көрсетiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорын алдындағы берешегiн өтеу үшiн аударуын қамтамасыз етсiн.
      3. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны осы

 

қаулыға сәйкес Кәсiпорыннан алынған қаражатты толық көлемде республикалық

бюджетке төленетiн төлемдер жөнiндегi өз берешегiн өтеуге бағыттасын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

вице министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады