Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтерінің басшылары Кеңесінің "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы күштерінің корпусын дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық мақсатты бағдарламасы туралы" және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарының сейсмологиялық мониторингі жүйесін құрудың мемлекетаралық ғылыми-технологиялық бағдарламасы туралы" шешімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1291

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтерінің басшылары Кеңесінің:
      1) 1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы күштерінің корпусын дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық мақсатты бағдарламасы туралы";
      2) 1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған "Тәуелсіз

 

мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарының сейсмологиялық

мониторингі жүйесін құрудың мемлекетаралық ғылыми-технологиялық

бағдарламасы туралы" шешімдері бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады