Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.30.  N 77  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі бекітілсін. 
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң 1999 жылғы       
3 қыркүйектегi           
N 1304 қаулысымен         
бекiтілген            

  Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрілген 
адамдар лауазымдарының тiзбесi 

  1. Педагог қызметкерлердің лауазымы 

      Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;<*> 
      Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк мектептердiң, лицейдiң, гимназияның, колледждiң, училищенiң, мектеп-балабақша кешенiнiң, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегi және үлгiдегi интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі); 
      Балалар үйi, сәбилер үйi, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйi-интернаты, балалар мен жас өспiрiмдерге арналған әлеуметтiк панахана, кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтiк-оңалту орталығының директоры (меңгерушiсi); 
      Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);<*> 
      Басшы қызметкерлер мен мамандар бiлiктiлiгiн көтеретiн және қайта даярлайтын институттың директоры; 
      Жоғары (әскери) оқу орнының ректоры (бастығы); 
      Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;<*> 
      Шығармашылық шеберхананың жетекшiсi (бiлiм беру ұйымдарында); 
      Дене тәрбиесiнiң жетекшiсi (бiлiм беру ұйымдарында); 
      Алғашқы әскери даярлық жетекшiсi, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекшi);<*> 
      Жоғары (әскери) оқу орнының оқу, оқу-әдiстемелiк, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөнiндегi проректоры (бастықтың орынбасары);<*> 
      Жоғары оқу орнының кафедра меңгерушiсi, әскери кафедра бастығы; 
      Жалпы бiлiм беретiн мектеп және мектеп-интернат, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) ғылыми, оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;<*> 
     Басшы қызметкерлер мен мамандар бiлiктiлiгiн көтеретiн және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдiстемелiк жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
     Оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие қызметiмен тiкелей айналысатын бiлiм беру ұйымдарының бөлiм меңгерушiсi;
     Оқытушылық қызметпен тiкелей айналысатын профессор, доцент;
     Әлеуметтiк педагог;
     Педагог-ұйымдастырушы;
     Қосымша бiлiм педагогы;
     Тiлдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм (оқу орындарындағы тілдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм);
     Педагог-психолог;
     Кемiс балалармен жұмыс iстейтiн педагог (дефектолог);
     Аға оқытушы, оқытушы, сынақ мерзiмiнен өтушi оқытушы;
     Аға тәрбиешi, тәрбиешi (бiлiм беру ұйымдарында);
     Оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорт жөнiндегi жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушы;
     Балалардың мектепке дейiнгi ұйымының музыкалық жетекшiсi;
     Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлiмгерi;
     Оқу-тәрбие оқу-өндiрiстiк қызметiмен тiкелей айналысатын дене 
тәрбиесiнiң нұсқаушысы;
     Спорт мектебiнiң нұсқаушысы, нұсқаушы-әдiскерi;
     Бiлiм беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушiсi);
     Бiлiм беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдiстемелiк, оқу-өндiрiстiк жұмыстары жөнiндегi директорының (меңгерушiсiнiң) орынбасары;
      Ескерту. 1-бөлім толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.17. N 252  қаулысымен .       

  2. Педагог қызметкерлерге теңестiрiлген адамдардың
лауазымы

     Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес меңгерушiсi;
     Оқу-кеңес пунктiнiң меңгерушiсi;
     Оқу (оқу-жаттығу) орталығының директоры (бастығы);
     Оқу-өндiрiстiк, оқу-курстық комбинат директоры;
     Жоғары оқу орнындағы оқытудың барлық түрлерiндегi      
факультеттiң деканы, институттың директоры;<*>
     Оқу-ғылыми өндiрiстiк кешенiнiң жетекшiсi, жетекшiнiң
орынбасары;
     Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығының (кешенiнiң) директоры (меңгерушiсi);
     Лагерьдiң (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
     Оқу полигонының (бiлiм беру ұйымдарының) бастығы (меңгерушiсi);
     Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасының жетекшiсi (бiлiм беру ұйымдарында);
     Оқу-өндiрiстiк (оқу) шеберхана меңгерушiсi (бiлiм беру ұйымдарында);
     Бiлiм беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушiсi;
     Студенттiк зерттеу бюросының жетекшiсi;
     Мектептен тыс ұйымның директоры;
     Аудармашы-дактилолог (бiлiм беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы);
     Еңбек жөнiндегi нұсқаушы (білiм беру ұйымдарында);
     Мәдени ұйымдастырушы (бiлiм беру ұйымдарында);
     Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендерiндегi)
нұсқаушы, әдiскер, тәрбиешi, өндiрiстiк оқыту шеберi;
     Аға шебер, өндiрiстiк оқыту шеберi;
     Басшы қызметкерлердi және мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау институтының, оқу орындарының (кафедралардың) ассистентi;
     Бiлiм беру ұйымдарының әдiскерi, аға әдiскер (жоғары оқу орындарынан басқа);
     Оқу-тәрбие жұмысымен тiкелей айналысатын музыкалық жетекшi (балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;
     Оқу-тәрбие қызметiмен тiкелей айналысатын дене тәрбиесi-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдiскерi;
     Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;
     Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;
     Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;
     Режим бойынша аға кезекші, ерекше маңыздағы білім беру ұйымдарының режимі бойынша кезекші.
      Ескерту. 2-бөлім толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.17. N 252  қаулысымен , өзгеріс енгізілді - 2005.01.25. N 60  қаулысымен .
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады