Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.30. N 77 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304
P991304_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 404-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі:
1) "1. Педагог қызметкерлердің лауазымы" бөлімінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері";
төртінші абзац "мектеп" деген сөзден кейін ", мектеп-интернат" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі";
оныншы абзац "жетекшісі" деген сөзден кейін ", оқытушы-ұйымдастырушысы" деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші абзац "ғылыми жұмыстар" деген сөздерден кейін "және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзац:
"директордың" деген сөзден кейін "(бастықтың)" деген сөзбен толықтырылсын;
"оқу-тәрбие" деген сөздерден кейін ", тәрбие" деген сөзбен толықтырылсын;
2) "2. Педагог қызметкерлерге теңестірілген адамдардың лауазымы" бөлімінде:
бесінші абзац "факультеттің деканы" деген сөздерден кейін ", институттың директоры" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі