Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 3 қыркүйек N 1305. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1270  Қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.  N 216  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесi бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.  N 216  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 3 қыркүйектегi   
N 1305 қаулысымен       
бекiтiлген          

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.   N 216  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi.

      2. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау - тиiстi бiлiм беру деңгейiнде олар көрсететiн бiлiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.

      3. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың негiзгi қағидаттары объективтiлiк, мiндеттiлiк, мерзiмдiлiк және жариялылық болып табылады.

      4. Мемлекеттiк аттестаттау бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

  2. Мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу тәртiбi

      5. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасы мен мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттiк аттестаттау, тұтастай алғанда, бiлiм беру ұйымы бойынша, бұдан басқа кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн, сондай-ақ мамандықтар (кәсiптер) бөлiнiсiнде де жүзеге асырылады.

      6. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырады және өткiзедi.
      Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзудi республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы ұйымдастырады.
      Кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзудi облыстың жергiлiктi атқарушы органы ұйымдастырады.
      Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (арнаулы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) iске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзудi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы ұйымдастырады.
      Меншiк нысандары мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламалары мен мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағыныстағы медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган ұйымдастырады және өткiзедi.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 150  (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      7. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау жоспарлы тәртiппен бес жылда бiр рет өткiзiледi.
      Бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау бiлiм беру ұйымдары үшiн көзделген тәртiппен бiлiм беру ұйымының құрамында өткiзiледi.
      Алғашқы мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған:
      1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейiн;
      2) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында тиiстi деңгейдегi мамандардың бiрiншi бiтiруiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей;
      3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейiн өткiзiледi.

      8. Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.

      9. Мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықтарды, мемлекеттiк аттестаттаудың бағдарламалары мен көрсеткiштерiн, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн өзiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және бекiтедi.

      10. Бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткiзедi, оның құрамын өз құзыретi шегiнде тиiстi атқарушы орган бекiтедi.
      Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткiзедi, оның құрамын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.
       Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 150  (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.       

      11. Бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу үшiн аттестаттау комиссияларының құрамына:
      1) бiлiм беру саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi;
      2) қарамағында бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу кезiнде өздерiнiң құзыретiне қарай мүдделi орталық атқарушы органдардың өкiлдерi;
      3) бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi және Қазақстан Республикасының жетекшi педагог қызметкерлерi кiредi.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 150  (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      11-1. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзуге арналған аттестаттау комиссияларының құрамына:
      1) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның және медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның өкiлдерi;
      2) қарамағында медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың өкiлдерi;
      3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi кiредi.
       Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 150  (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      12. Аттестаттау комиссиялары мемлекеттiк аттестаттауды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттау кестесiне қатаң сәйкестiкпен әрбiр бiлiм беру ұйымы үшін 10 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары аталған мерзiмдi аттестаттау комиссияларының дәлелдi өтiнiшiнiң негiзiнде, бiрақ үш күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтетiн кестеге сәйкес әрбiр медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымы үшін он күннен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 150  (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      13. Мемлекеттiк аттестаттау кестелерi бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк аттестаттау басталардан үш ай бұрын жеткiзiледi.
      Бекiтiлген мемлекеттiк аттестаттау кестелерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, бiлiм беру ұйымдары ол туралы осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген мерзiмде хабардар болулары тиiс.

      14. Мемлекеттiк аттестаттау кестелерiне сәйкес мемлекеттiк аттестаттауға жататын бiлiм беру ұйымдары (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына құжаттар ұсынады.
      Мемлекеттiк аттестаттауға жататын медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк аттестаттау кестелеріне сәйкес мемлекеттiк аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға ұсынады.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 150  (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      15. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзуге арналған шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      16. Аттестаттау комиссияларының шешiмдерi олар шығарылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей өз құзыретi шегiнде тиiстi атқарушы органдардың бұйрықтарымен бекiтiлуге тиiс.
      Аттестаттау комиссиясы мынадай дәлелдi шешiмдер қабылдауға құқылы:
      1) аттестатталсын;
      2) аттестатталмасын.
      Бiлiм беру ұйымын "аттестатталсын" деген шешiм, егер:
      1) бiлiм беру қызметi тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес болса;
      2) бiлiм алушылар өздерiнiң бiлiмдерiн тексеру нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы нормативтiк белгiлеген өту деңгейiнен жоғары баға алса, қабылданады.
      "Аттестатталмасын" деген шешiм бiлiм беру ұйымы мемлекеттiк аттестаттаудың көрсетiлген шарттарының ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.
      Аттестаттау комиссияларының шешiмдерi атқарушы органдардың қайта қарауына жатпайды.

      17. Кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарттарын орындамағаны және бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына арналған лицензияда қамтылған талаптарды орындамағаны туралы куәландыратын аттестатталмау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу үшiн және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылу сәтiне дейiн бiлiм беру ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн негiздеме болып табылады.

      18. Бiлiм беру ұйымдары аттестаттау комиссияларының шешiмдерiне заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.

      19. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен халықаралық бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады