Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 150 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1270  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 405-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесiнде:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Меншiк нысандары мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламалары мен мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағыныстағы медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган ұйымдастырады және өткiзедi.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткiзедi, оның құрамын өз құзыретi шегiнде тиiстi атқарушы орган бекiтедi.
      Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткiзедi, оның құрамын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.";

      11-тармақтың бiрiншi абзацында "Аттестаттау" деген сөздiң алдынан "Бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзуге арналған аттестаттау комиссияларының құрамына:
      1) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның және медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның өкiлдерi;
      2) қарамағында медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың өкiлдерi;
      3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi кiредi.";

      12-тармақта:
      бiрiншi абзацта "бiлiм беру ұйымдарын" деген сөздерден кейiн "(медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтетiн кестеге сәйкес әрбiр медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымы үшін он күннен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.";

      14-тармақта:
      "бiлiм беру ұйымдары" деген сөздерден кейiн "(медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк аттестаттауға жататын медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк аттестаттау кестелеріне сәйкес мемлекеттiк аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға ұсынады.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады