Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде әскери кафедра құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек N 1319

     Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетiнiң студенттерi қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетiнде оқу орнына бөлiнген қаражаттың шамасында және штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады