Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шет елдерде оқытуға ақы төлеуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 дыоғы 8 қыркүйек N 1333

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375 U973375_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындаудың тәртiбi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шет елдерде оқытуға ақы төлеуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен 342 940 (үш жүз қырық екi миллион тоғыз жүз қырық) мың теңге бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясының

стипендиаттарын шет елдердiң жоғары оқу орындарында оқытуға ақы төлеудi

заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың

мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады