Қостанай қаласындағы бірқатар объектілерді жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1338

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан

 

Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

қаулы етеді:

     1. Қосымшаға сәйкес Қостанай облысы әкімінің Қазақстан Республикасы

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен келісілген Қостанай

қаласындағы тарихи, сәулет және көркемдік құны жоқ 5 объектіні жергілікті

маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен шығару туралы ұсынысы

қабылдансын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                 Қазақстан Республикасы

                                      Үкіметінің

                                 1999 жылғы 8 қыркүйектегі

                                 N 1338 қаулысымен

                                     бекітілген


     Қостанай қаласындағы жергілікті маңызы бар тарихи және

     мәдени ескерткіштер тізімінен шығарылатын объектілердің

                          Тізбесі


     1. Орталық әмбебап дүкені, Ленин даңғылы, 65

     2. "Қостанай" кинотеатры, Ленин көшесі, 48

     3. "Қазақстанның 40 жылдығы" кинотеатры, Гоголь көшесі, 62

     4. Қалалық пионерлер мен оқушылар сарайы, Алтынсарин көшесі, 109

     5. Л.Н.Толстой атындағы кітапхана, Алтынсарин көшесі, 111



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады