1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi комитет", "Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі комитет" және "Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
6-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы бiрыңғай аумақтық органдары болады.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16)-тармақшалармен толықтырылсын:
"14) астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн сақтаудың сапасын бақылауды, сондай-ақ олардың мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;
15) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделейдi және оны село тауар өндiрушiлерiнiң назарына жеткiзедi;
16) агроөнеркәсiптiк кешен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң бюджеттiк несиелер мен үкiметтiк және үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заемдарды игеру және қайтару жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады және үйлестiредi";
10-тармақта:
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ауыл шаруашылығы өндiрiсi саласында тiкелей айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi реформалауға және заңдарға сәйкес оларды қаржылық сауықтыруға әдiстемелiк басшылық жасау;"
"8) мал дәрiгерлiгі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсiру, тұқым өсiру саласында, сондай-ақ астықты, оны қайта өңдеу өнiмдерiн сақтаудың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және олардың мониторингiн жүргiзу";
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделеу және оны село тауар өндiрушiлерiнің назарына жеткiзу;
10) аргоөнеркәсiптiк кешендегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджеттiк несиелер мен үкiметтiк және үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заемдарды игеруi және қайтаруы жөнiндегi қызметiн бақылау және үйлестiру";
18-тармақта:
1) және 2) тармақшалар "және аумақтық органдары басшыларының" деген
сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және аумақтық органдардың басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымын, орталық аппараттың штат кестесiн, Министрлiктiң заңды тұлғалар болып табылмайтын құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi"; 19-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Қасымбеков Б.