Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен құрылыс мердігерлігінің шарттары бойынша орындалған жұмыстарды қабылдаудың тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек N 1352

      Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен құрылыс мердігерлігінің шарттары бойынша орындалған жұмыстардың жәйттерін айқындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 663-бабына (Ерекше бөлім) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мемлекет тапсырыс беруші ретінде болатын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыс мердігерінің шарттарында шарттың екінші тарабымен (мердігермен) келісім бойынша мыналар:
      жоғарыда аталған шарттар бойынша орындалатын жұмыстар аяқталғанға

 

дейін орындалған жұмыстарды өткізу-қабылдау жөніндегі аралық актілер

жасалмайды деп белгіленсін;

     мемлекеттік комиссия өткізу-қабылдау жөніндегі актіге қол қойған

күннен бастап немесе жұмыстардың орындалған сәтінен бастап 30 күн өткен соң

жұмыстар толық көлемде орындалды деп саналсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады