1995 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына әкетілген техника мен қару-жарақ үшін өтемақы туралы келісімге Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек N 1355

      1995 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына әкетілген техника мен қару-жарақ үшін өтемақы туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1995 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына әкетілген техника мен қару-жарақ үшін өтемақы туралы келісімге Хаттамаға қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Қолбасшысы Анатолий Шьяпович Васимовқа 1995 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына әкетілген техника мен қару-жарақ үшін өтемақы туралы келісімге Хаттамаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

              1995 жылғы 24 шілдеде қол қойылған
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы
    Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан
      Ресей Федерациясының аумағына әкетілген техника
         мен қару-жарақ үшін өтемақы туралы келісімге
                        Хаттама

     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
     бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды назарға ала отырып,

     1995 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына әкетілген техника мен қару-жарақ үшін өтемақы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім деп аталады) 1-бабының ережелерін Тараптардың экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келтіру қажет деп есептеп және оны нақты іске асыруды қалай отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:
      1. Ресей Тарабы Келісімді орындау мақсатында Қазақстан Тарабына мына техника мен қару-жарақты береді:
      а) ұшақтар (техникалық мүліктердің жеке кешендерімен қоса): Су-27 (10 дана), Су-27уб (2 дана), Л-39 (12 дана), Ту-134Ш (1 дана), Ту-154Б (1 дана);
      б) 1С-300ПС зенитті-зымыранды жүйе (келісілген жинақта).
      2. Тараптардың осы Хаттаманы іске асыру жөніндегі өкілеттік берілген органдары:
      - Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
      - Ресей Тарабынан - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
      3. Тараптардың арасындағы өзара есеп айырысу техника мен қару-жарақтың Тараптардың өкілеттік берілген органдары келіскен әдіс бойынша бағаланған қалдық бағасы бойынша жүргізіледі.
      4. Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      5. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

     1999 жылғы "___"___________ қазақ және орыс тілдерінде, екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының         Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады