"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 қыркүйек N 1359. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 ~P020702 қаулысымен.

      Қазақстанда мұнай-газ саласын тиімді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Бекітілсін:
      1) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазақойл" компаниясы) дамуының 1998-2003 жылдарға арналған орта мерзімді стратегиялық жоспары" (1 қосымшаға сәйкес)
      2) "Қазақойл" ҰМК 1999-2001 жылдарға арналған индикативті жоспары" (2 Қосымшаға сәйкес)
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі Агенттігі (Құзыретті ұйым) "Қазақойл" компаниясына көмірсутекті кен орындарын игеру бойынша барлық жаңа жобаларға қатысудан 25-%-тен кем емес үлес беру мақсатындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бір ай уақыт ішінде ұсынсын.
      3. "Қазақстан Республикасындағы сатып алуды өтеуге жататын займ

 

туралы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер

жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы

N 276 


P980276_


  қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі

    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.            





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады