Қазақстан Республикасында үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алудың жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1383

      Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласының әкімі мен "Миллениум-Қазақстан" қоғамдық қорының Қазақстан Республикасының астанасында үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға арналған "Миллениум-Пати-Астана" бірлескен жобасы (бұдан әрі - Жоба) мақұлдансын.
      2. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарын, облыстардың және Алматы қаласының әкімдерін Жобаның материалдарымен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың

 

және Алматы қалаларының әкімдері Астана қаласының әкімшілігіне Жобаны іске

асыру жөнінде ұйымдастырушылық көмек көрсетсін.

     4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Астана қаласының

әкімі "Миллениум-Қазақстан" қорын қатыстыра отырып Астана қаласында үшінші

мыңжылдықты қарсы алу мақсатында салтанатты кездесу бойынша бұқаралық

мерекелік іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады