Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы Үкіметінің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 қыркүйек N 1402


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1999 жылғы 1 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасы Үкіметінің арасындағы 
Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
             Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон
                Республикасы Yкiметiнiң арасындағы
               Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
                             Келісім 
     
       ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 56-құжат. 
    1999 жылғы 28 қыркүйекте күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет 
     


      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының Үкiметi,
      - екi мемлекеттiң арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау қажеттiгiн негізге ала отырып,
      - экономикалық байланыстар екiжақты қатынастарды нығайтуда маңызды және қажетті элементтi құрайды деп санай отырып,
      - өзара экономикалық байланыстарды жүзеге асыру кезiнде тең құқықтылық, теңдiк, өзара тиімділік принциптерiн және халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып,
      - сауда саласындағы өз қатынастарын Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ, ТСБК) принциптерiне сәйкес дамытуға ұмтыла отырып,
      мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:

                            1-бап

      Уағдаласушы Тараптар екi мемлекетте қолданылатын заң актiлерiн сақтай отырып өзара тиiмділiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Уағдаласушы Тараптардың меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық қызметі субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және кеңейту үшiн барлық қажеттi шараларды қолданатын болады.

                             2-бап

      Уағдаласушы Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшiн өзара тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында бiр-бiрiне сыртқы саудада неғұрлым қолайлы режим ұсынады, олар:
      - осындай баждар мен алымдарды салу әдiстерiн қоса алғанда

импортталатын және экспортталатын тауарларға салынатын кеден баждары мен
алымдарға;
     - кедендiк ресiмдеуге, транзитке, орналастыруға, тауарларды қайта 
тиеуге және осы тектес басқа да қызмет көрсетулерге қатысты ережелерге;
     - салық салуға және тауарларға тiкелей немесе жанама салынатын басқа 
да iшкi алымдарға;
     - осындай төлемдердi төлеу және аудару әдiстерiне;
     - iшкi рынокта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға,
бөлуге және пайдалануға қатысты ережелерге;
     - импорттық және экспорттық лицензиялар беруге қатысты.
     
                       3-бап
     
     2-баптың ережелерi:
     - Уағдаласушы Тараптардың бiрi шекара маңындағы сауда мен шекара 
маңындағы тасымалдарды оңайлату мақсатында көршiлес мемлекеттерге ұсынатын 
артықшылықтарға;


      - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң қазiргі бар немесе болашақ кеден одақтарына, еркiн сауда аймақтарына немесе сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарына қатысуына байланысты үшiншi тараптарға ұсынатын артықшылықтарға;
      - преференцияның жалпы жүйелерi бойынша ұсынылатын артықшылықтарға қолданылмайды.

                           4-бап

      Уағдаласушы Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық екi мемлекетте қолданылып жүрген заңдарға сәйкес олардың меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық қызметi субъектiлерi арасында шарттар (келiсiм-шарттар) жасасу жолымен жүзеге асырылады.

                            5-бап

      Шаруашылық қызметi субъектiлерi арасындағы барлық есеп айырысулар мен төлемдер еркiн айналымдағы валютада немесе шарттарда (келiсiм-шарттарда) белгiленген валютада жүзеге асырылады.
      Шарттар (келiсiм-шарттар) жасасқан кезде халықаралық саудада қабылданған ережелер қолданылады.

                             6-бап

      Уағдаласушы Тараптар тұрақты түрде өздерiне қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық қатынастарды iшкi құқықтық реттеу туралы, оның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк пен сақтандыру қызметi және басқа да қызмет көрсетулер жөнiнде, көлiк пен кеден мәселелерi жөнiнде ақпарат алмасатын болады.

                            7-бап

      Уағдаласушы Тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифтiк емес реттеудi, статистикалық ақпарат алмасуды және кедендiк рәсiмдердi жүргізу үшiн Дүниежүзiлiк кеден ұйымының тауарларды сипаттау мен кодтаудың Yйлестiрiлген жүйесiне негiзделген Сыртқы Экономикалық қызметтiң Тауарлық Номенклатурасын пайдаланатын болады.

                             8-бап

      Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң және/немесе үшiншi елдiң кеден аумағында шығарылған және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң немесе үшiншi кез келген елдiң кеден аумағына шығаруға арналған тауарлардың өз мемлекетiнiң аумағы арқылы еркiн транзитi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi.

                             9-бап

      Уағдаласушы Тараптар жүктердi тасымалдаудың, көлiк қозғалысының, оның iшiнде транзиттiк жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың тәртiбi мен ережелерi, сондай-ақ көлiк жүйелерiнiң өзара iс-қимылы халықаралық тасымалдау ережелерiне сәйкес реттеледi және Уағдаласушы Тараптардың белгiленген келiсiмдерiмен айқындалатын болады деп келiстi.

                            10-бап

      Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн және өз мемлекеттерiнiң қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа ала отырып, екi мемлекеттiң экономикасына инвестициялар тарту, бiрлескен кәсiпорындар мен шетел капиталы бар кәсiпорындар, сондай-ақ мұндай кәсiпорындардың өкiлдiктерiн

құру үшiн кемсiтуге жол берiлмейтiн жағдайлар жасайтын болады.
     
                          11-бап
     
     Әр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген 
заңдарға және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес екiншi Уағдаласушы 
Тараптың шаруашылық қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн 
тең, құқықтық, оның iшiнде және сотпен қорғауды ұсынатын болады.
     
                          12-бап
     
     Осы Келiсiмнің ережелерi Тараптардың әрқайсысының экспортқа, импортқа
және транзитке:
     1) ұлттық қауiпсiздiкті қорғауға;
     2) адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға, жануарлар мен 
өсiмдiктердiң ауруларының алдын алуға;
     3) өнеркәсiптiк және интеллектуалдық меншiктi қорғауға;
     4) ұлттық игiлiктiң құндылықтарын қорғауға;
     5) табиғи ресурстардың таусылуының алдын алуға;


      6) қоғамдық моральдi қорғауға бағытталған тыйым салу немесе оларды шектеу жөнiндегі inter alia шараларын қолдану құқығын шектемейдi.
      Тыйым салу және шектеу жөнiндегi мұндай шектеулер кемсiтусiз негізде қолданылады.

                           13-бап

      Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында сауда жәрмеңкелерiн, көрмелер, бiрлескен техникалық-экономикалық семинарлар ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдеседi.
      Көрмелер мен басқа да осындай экспозициялық мақсаттар үшiн арналған әкелiнетiн экспонаттар мен тауарлардың үлгiлерi кедендiк баждар мен салықтардан босатылады. Мұндай экспонаттар мен үлгiлер осы мемлекеттiң құзыреттi органдарының осыған келiсiмiнсiз, сондай-ақ кеден салықтары мен

импорт жөнiндегi салықтарды төлемей осы мемлекетте сатыла (берiле, сыйға
тартыла) алмайды.
     
                           14-бап
     
     Осы Келiсiмнiң мақсаттарын негізге ала отырып және екi мемлекет 
арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетілдiру жөнiнде ұсынымдар 
әзiрлеу үшiн Уағдаласушы Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық 
жөніндегі үкіметаралық қазақстан-эстон комиссиясын (бұдан әрi - 
"Комиссия") құрады.
     Көрсетілген комиссияның негiзгi мiндеттерi:
     - екiжақты сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды талдау;
     - екi мемлекеттің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 
жай-күйiн жақсарту жөнінде және оны одан әрi дамытудың келешегі жөнiнде 
ұсыныс әзірлеу;
     - осы Келiсімді іске асыруды қарау және тиісті ұсынымдар әзiрлеу болып
табылады.
     Комиссия отырыстары Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша 
қажеттiлiк бойынша өткiзiлетiн болады.
     
                          15-бап
     
     Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың үшiншi елдермен бұрын жасалған 
басқа Келiсiмдердің ережелерiн қозғамайды.
     
                          16-бап
     
     Yкiметаралық комиссияның ұсынысы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
     
                          17-бап
     


      Осы Келісімнiң ережелерін түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар өткiзу жолымен шешетiн болады.

                           18-бап

      1. Осы Келiсiм, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтырулар Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм бес жылға жасалды. Ол Тараптардың бiрi Келiсiм қолданылатын тиiстi мерзiм аяқталғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей басқа Тарапты оның қолданысын тоқтатуға өз ниетi туралы мәлiмдемесе кейiнгі бес жылға автоматты түрде ұзартылатын болады.
      3. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi оның қолданысы кезеңiнде туындаған және осы Келiсiмдi қолдану мерзiмi тоқтатылған сәтте орындалмаған барлық шарттардағы (келiсiм-шарттардағы) мiндеттемелер бойынша бiр жыл бойы қолданылатын болады.
      4. Осы Келiсiм күшiне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1992 жылғы 
14 шiлдедегi Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм күшiн жойған 
деп танылсын.
     Астана қаласында 1999 жылғы 1 наурызда әрқайсысы қазақ, эстон және 
орыс тiлдерiндегі екi түпнұсқалық данада жасалды. Осы Келiсiмдi түсiнуде 
келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң орыс
тiлiндегi мәтiнiн басшылыққа алады.
     
     Қазақстан Республикасының                Эстон Республикасының
        Үкіметі үшін                              Үкіметі үшін
     
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.М.
       Қасымбеков Б.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады