Негiзгi халықаралық бағыттарды қалыптастыру және оларды кейiннен құрлықаралық еуропалық-азиялық көлiк жүйелерiне кiрiктiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Азияаралық темiр жол магистралiнiң Солтүстiк дәлiзiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобының бiрiншi мәжiлiсiн, бюджеттiк қаржыландыру қаражатын тартусыз, 1999 жылғы 23-25 қыркүйекте Алматы қаласында өткiзуге келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесiп Азияаралық темiр жол магистралiнiң Солтүстiк дәлiзiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобының бiрiншi мәжiлiсiн өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жол жүру құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi делегациялардың
әуежайда, жүру бағыттары бойынша қауiпсiздiгiн, олардың болатын орындарында
(бағдарлама бойынша), сондай-ақ мәжiлiстi өткiзу барысында қоғамдық
тәртiптi сақтауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.