Экономикалық зерттеулер мен статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1439. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Экономикалық зерттеулер және статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) Жоспарының шеңберінде 1999 жылдың 4-7 қазанында Алматы қаласында өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кеңесті өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қосымшаға сәйкес республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен кеңеске қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.
      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1439 қаулысына қосымша
 
Алматы қаласында (1999 жылдың 4-7 қазаны) Экономикалық зерттеулер және статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізуге арналған Шығыстардың сметасы (теңге) N Шығыстардың атауы Нормасы Жалпы сомасы 1. Қатысушылардың "Қазақстан" қонақ үйінде тұруы 18 адам х 5 күн 5800/күн 522000 2. Ресми түстіктер мен кешкі астарды өткізуге арналған шығыстар 25 адам 6500/адам 162500 3. Кофе-брейктер 25 адам х 4 күн 1040/адам 78000 4. Кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар (Қазақстан туралы көркем безендірілген кітаптар) 18 адам 2000 36000 5. Автокөліктік қызмет көрсету 2 машина х 8 сағ. 4 күн 700/сағ. 33600 6. Аудармашылардың қызметіне ақы төлеу 2 адам х 8 сағ. х 4 күн 700/сағ. 44800 7. "Қазақстан" қонақ үйінің конференц-залын жалға алу 8 сағ. х 3 күн 10350/сағ. 248400 жиыны: 1125300 Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады