Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының іс жүзінде орындаған жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің берешектерін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін 1999 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының кеме жасау бағдарламасы шегінде, орындаған жұмыстарға төлем жасау үшін "Зенит" Орал зауыты" акционерлік қоғамына 150 (бір жүз елу) млн. теңге және "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институтына 50 (елу) млн. теңге бөлсін.
2) бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс өнеркәсібі
кәсіпорындарының орындаған жұмыстары үшін төлемді Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі
жөніндегі комитетінің келісімі бойынша жүргізетін болсын.
3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.