Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қыркүйек N 1448. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569  P990569_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      аталған қаулымен бекітілген, 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде: 
      5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацындағы "барлық мүшелері" деген сөздердің алдынан "жиналысқа қатысушы" деген сөздермен толықтырылсын; 
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: 
      "Комиссияның ұсынысы, егер мәжіліске Комиссияның жалпы құрамының кемінде бес адамы қатысса, қабылдануы мүмкін. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
      Жұмыс пен консультациялар үшін Комиссияның белгіленген тәртіппен консультанттары, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қызметшілерін тартуға құқығы бар.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады