Астана қаласындағы 240 төсектік аурухана кешені туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қыркүйек N 1454

      Астана қаласындағы 240 төсектік аурухана кешенінің құрылысын аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласындағы 240 төсектік аурухана кешенінің құрылысы жобасының келісімшарттық құнын 1.022.439.600 (бір миллиард жиырма екі миллион төрт жүз отыз тоғыз мың алты жүз) жапон йеніне арттыру мақұлдансын.
      2. Келісімшарттық құнды 85% арттыру 1999 жылға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде тартылған үкіметтік сыртқы займның есебінен қаржыландырылатын болады, келісімшарттық құнның 15%-і, сондай-ақ тартылған займ сомасының 0,5% мөлшерінде міндеттеме үшін біржолғы комиссиялық төлем кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға арналған қаражаттан төленетін болады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен 157.711.308 (бір жүз елу жеті миллион жеті жүз он бір мың үш жүз сегіз) жапон йеніне баламды сомада қаражат бөлсін;

 

     бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт

министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады