Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 27 қыркүйек N 1460

      Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      Батыс Қазақстан облысының әкіміне жұмыс берушілердің жалақы мен жарналары бойынша қызметкерлер алдындағы Батыс Қазақстан облысының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың берешектерін өтеуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен 399 000 000 (үш жүз тоқсан тоғыз миллион) теңге бөлсін;
     бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуы үшін бақылауды қамтамасыз етсін.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.07. N 1536 қаулысымен .
     2. Батыс Қазақстан облысының әкімі қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады