Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1464 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 шілде N 1135

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z990473_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудің тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1464 P991464_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 447-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1-тармақта "Мемлекеттiк мекемелер" деген сөздерден кейiн "2001 жылдың

 

1 қаңтарынан бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

     4-тармақтағы "ақша" деген сөзден кейiн "қабылдау, төлеу және" деген

сөздермен толықтырылсын;

     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "5. Республикалық және жергіліктi бюджеттерден қаржыландырылатын

мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдан бастап мемлекеттiк мекемелердi ұстауға

жұмсалатын шығыстардың құрамында ақшалай төлемдердi алушылардың жеке

шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөнiндегі қызмет көрсетулерге

ақы төлеуге қаражат көздесiн.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады