Республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1470. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364 қаулысымен. ~P000364

      Ақтөбе облысының аудан орталығы Ойыл селосының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Ақтөбе облысының әкiмiне аудан орталығы Ойыл селосында су таратушының құрылысын салу үшiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен 10 (он) миллион теңге бөлсiн;
      бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      2. Ақтөбе облысының әкiмi 1999 жылдың IҮ тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп ұсынсын.
      3. Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады