Республикалық меншіктің жекелеген объектілерін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1484

      Астана қаласындағы Тың игерушілер сарайы ғимаратын қайта жаңартудың аяқталуына байланысты және оны одан әрі арналуы бойынша пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 1 мекен-жайындағы Тың игерушілер

 

сарайының ғимараты мен "Қайта жаңартылатын Тың игерушілер сарайының

дирекциясы" мемлекеттік мекемесі Астана қаласының коммуналдық меншігіне

берілсін.

     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс

Басқармасымен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды

қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады