"Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 1048 P991048_ қаулысына сәйкес және "Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кредиторлық берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысымен құрылған Комиссияның "Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының берiлген электр энергиясы үшiн "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының алдындағы 216 693 000 (екi жүз он алты миллион алты жүз тоқсан үш мың) теңге сомасындағы кредиторлық берешегiн өтеу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен бекiтiлген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу жөнiнде есеп айырысулар
жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.