Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен КЭҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең ауқымды қорының атқарушы органы ретінде іс-қимыл жасайтын Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында КЭҚ Қорының Трасталық гранты жөнінде келісім (Орталық Азиядағы биологиялық әр түрлілікті сақтау жөніндегі шекаралық жоба) жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1503

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен КЭҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең ауқымды қорының атқарушы органы ретінде іс-қимыл жасайтын Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында КЭҚ Қорының Трасталық гранты жөнінде келісім (Орталық Азиядағы биологиялық әр түрлілікті сақтау жөніндегі шекаралық жоба) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен КЭҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең ауқымды қорының атқарушы органы ретінде іс-қимыл жасайтын Халықаралық Қайта жаңарту және Даму

 

Банкінің арасындағы КЭҚ Қорының Трасталық гранты жөніндегі келісімге

(Орталық Азиядағы биологиялық әр түрлілікті сақтау жөніндегі шекарааралық

жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады