Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы 1999 жылғы Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 қазан N 1520

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм саласындағы 1999 жылғы Мемлекеттiк сыйлықтары мына авторлардың ұжымдарына берiлсiн:
      1) 1980-1998 жылдардағы "Хирургияда жаңа технологияларды әзiрлеу және енгiзу" жұмыстары циклi үшiн:
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигi Әлиев Мұхтарға;
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының бөлiмше меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қырым Қамиғалиұлына;
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының бөлiм меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, доцент Жақыпов Уәлихан Әбуұлына;
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының бөлiмше меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлына;
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының бөлiмше меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жораев Шәкiрбайға;
      А.Н Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының лаборатория меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, доцент Поцелуев Дмитрий Дмитриевичке;
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының бөлiмше меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейсембаев Манас Ахметжарұлына;
      А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының ғалым хатшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Хвостиков Евгений Ивановичке;
      2) 1974-1998 жылдардағы "Сәбилiк жастағы травматология мен ортопедияда диагностика мен емдеудiң жаңа технологиясы" жұмыстары циклi үшiн;
      Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигi Ормантаев Қамал Сәруарұлына;
      Қазақ мемлекеттiк медициналық университетiнiң жанындағы Дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институты балалар анестезиологиясы курсының меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұмабеков Төлеген Алтайұлына;
      Қазақ мемлекеттiк медициналық университетiнiң жанындағы Дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институты балалар хирургиясы курсының меңгерушiсi, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ерекешов Әбубәкiрге;
      Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медициналық академиясының деканы, медицина ғылымдарының докторы, доцент Қарабеков Ағабекке;
      медицина ғылымдарының докторы, профессор Қожақанов Қасенге;
      медицина ғылымдарының кандидаты Элиас Рудольф Ивановичке.
      2. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм саласындағы 1999 жылғы Мемлекеттiк сыйлықтарының ақшалай бөлiгiнiң мөлшерi 500 мың теңге сомасында айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi

 

республикалық бюджеттiң ғылымға көзделген қаражатынан Қазақстан

Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының ақшалай бөлiгiн төлесiн.

     4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк сыйлығы лауреатының дипломы мен куәлiгiне қол қойсын және

тапсырсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      міндетін атқарушы



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады