2000 жылдың компьютерлік проблемасына байланысты төтенше жағдайдағы іс-қимылды жоспарлау мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 қазан N 1524

      2000 жылдың компьютерлiк проблемасының әсер етуiнiң нәтижесiндегi ықтимал жүйелiк iстен шығуларға қарсы даярлықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) мен ұйымдар бiр ай мерзiмде қосымшаға сәйкес 2000 жылдың компьютерлiк проблемасына байланысты төтенше жағдайдағы iс-қимылдың жоспарын әзiрлесiн, бекiтсiн және Үкiметке ұсынсын.
      2. Қосымшада көрсетiлген орталық атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) мен ұйымдардың бiрiншi басшыларына төтенше жағдайлар пайда болған жағдайдағы іс-қимылды ұйымдастыруға даярлық үшiн дербес жауаптылық жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрі

     міндетін атқарушы



                                            Қазақстан Республикасы



                                            Үкiметінiң 1999 жылғы

                                                 5 қазандағы

                                               N 1524 қаулысына

                                                   қосымша




 

     2000 жылдың компьютерлiк проблемасына байланысты

     төтенше жағдайдағы iс-қимылдың жоспарын әзiрлейтiн

      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың тiзбесi


     1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк

қорғау министрлiгi:

     "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамы.

     2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм

министрлiгі:

     "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

     "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

     "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы

     "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы

     3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi:

     "КазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық

акционерлiк қоғамы

     "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы

     "КЕGОС" ашық акционерлiк қоғамы

     "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi

     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі

     6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi

     7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм

бойынша)

     8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi

     9. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi

     10. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық

комиссиясы (келiсiм бойынша)

     11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша):

     "Банкаралық есептесулердiң қазақстандық орталығы" республикалық

мемлекеттiк кәсiпорны

     "Банкаралық және қаржы телекоммуникациялары орталығы" жабық

акционерлiк қоғамы



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады