Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне "Генерал С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы республикалық "Жас ұлан" мектебі" мемлекеттік мекемесінің құрылысына және оны жарақтандыруға қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1539

      "Генерал С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы республикалық "Жас ұлан" мектебi мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 наурыздағы N 309 P990309_ қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне "Генерал С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы республикалық "Жас ұлан" мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылысын аяқтау және оны жарақтандыру үшiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен 140 000 000 (жүз қырық миллион) теңге, оның iшiнде:
      жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау үшiн - 100 000 000 (жүз миллион) теңге;
      негiзгі жабдықтарды, жиhаздарды, заттай мүлiктердi сатып алуға, жылытуға арналған шығыстарға - 40 000 000 (қырық миллион) теңге бөлсiн;
      2) бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады