"Лисаков тау-кен байыту комбинаты" ашық акционерлік қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 қазан N 1564

      "Лисаков тау-кен байыту комбинаты" ашық акционерлік қоғамының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты, оның Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі заңдарда белгiленген тәртiппен "Лисаков тау-кен байыту комбинаты" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Лисаков ТБК" ААҚ) банкроттығына бастамашы болсын.
      2. Конкурстық массаны сатудың:
      1) конкурстық iс жүргізу кезеңiне өндiрiс циклының үздiксiздiгiн сақтау және әлеуеттi инвесторды тарту арқылы банкроттық рәсiмдерiн жүргізудi;
      2) конкурстық басқарушыға өндiрiстiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын ұсынуды;
      3) конкурстық массаны сату үшiн iшiнде N 1 лот коммуналдық және әлеуметтiк салалар объектiлерi мен негiзгі өндiрiске жатпайтын басқа да мүлiкті қамтымайтын негiзгi тау-кен қайта өңдеу өндiрiсiнiң активтерi мен N 2 лот - құрылысы аяқталмаған титан-цирконий концентратын өндiру жөнiндегi цех болуы тиiс бiрнеше лоттар қалыптастыруды көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
      3. N 1 лотты сатып алушыға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) N 1 лотты сатудан түскен қаражаттың жеткiлiксiздiгi жағдайында сатып алушының бiрiншi және үшiншi кезектегi кредиторлардың талап етулерi бойынша N 1 лоттың бағасын қоса есептегенде берешектiң 70 000 000 (жетпiс миллион) теңгеден артық емес қалған сомасын өтеу жөнiнде мiндеттеме қабылдауы;
      2) сатып алушының өндiрiстiк циклдың үздiксiздiгін сақтай отырып мүлiктi сатып алған сәттен бастап одан кейiнгі 12 күнтiзбелiк айдың iшiнде 900 000 тоннадан кем емес темiр рудасы концентратын шығаруды қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттеме қабылдауы;
      3) сатып алушының саны кемiнде 1000 (мың) адам қызметкердiң жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттеме қабылдауы;
      4) сатып алушының N 1 лотты аукционға басқа қатысушы сатып алған жағдайда осы қаулының 4-тармағына сәйкес "Испат-Кармет" ашық акционерлiк қоғамына немесе ол тағайындаған адамға олар бөлген қаражатты өтеу мақсатында 200 000 000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде кепiлдiктi жарнаны сақтауға беру жөнiнде мiндеттеме қабылдауы.
      4. Сот "Лисаков ТБК" ААҚ-ны дәрменсiз борышкер деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда:
      1) конкурстық басқарушыға "Испат-Кармет" ААҚ-ның сенiмдi басқаруды құру және сот тағайындаған күннен бастап үш күннiң iшiнде N 1 лотқа енгiзiлген, "Испат-Кармет" ашық акционерлiк қоғамы немесе ол тағайындаған адаммен келiсiлген объектiлердi басқару туралы шарт жасасу туралы ұсынысын қабылдау;
      2) "Испат-Кармет" ашық акционерлiк қоғамына немесе ол тағайындаған адамға сенiмдi басқаруға шарт жасалған сәттен бастап үш банктiк күннiң iшiнде Лисаков қаласы әкiмiнiң шотына "Лисаков ТКБ" ААҚ-ның босаған қызметкерлерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу мақсатында шағын және орта бизнестi дамытуды оңалту қорын құру үшiн 200 000 000 (екi жүз миллион) теңге аудару ұсынылсын. Қордың қаражатын пайдалануды "Испат-Кармет" ашық акционерлiк қоғамының басшылығымен немесе ол тағайындаған адаммен бiрлесiп Лисаков қаласының әкiмi жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi заңдарда белгіленген тәртiппен "Лисаков ТБК" ААҚ N 1 лотты сатып алушыға берген қажеттi жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияларды қайта ресiмдеудi жүргізсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу бәсекенi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Лисаков қаласының әкiмiмен бiрлесiп заңдарда белгіленген тәртiппен "Лисаков ТБК" ААҚ үшiн сенiмдi басқару мен жүктердi темiр жол көлiгімен тасымалдауға және "КЕGОС" ААҚ-ның желiлерi бойынша электр энергиясының транзитіне арналған тарифтер бойынша қолданылып жүрген жеңілдіктердің сақталуына және сатып алушыға таратылатын "Лисаков ТБК" ААҚ-ның базасында циклдың үздіксіздігін және өндірісті дамытуды қамтамасыз

 

етуде жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.       






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады