Шарттарының бірі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасасу болып табылатын, Азиялық Даму Банкінің "Алматы-Бішкек Аймақтық Жолын Қалпына келтіру жобасы" Заемы туралы келісім жасасу жөнінде алдағы уақытта Манила қаласында (Филиппин) жүргізілетін келіссөздерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасалсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм вице-министрі Қайрат Сәлімұлы Кәрібжановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында шекаралық өткел туралы келісім жасасуға уәкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.